Украина әуе күштерінің бейсенбідегі таңғы мәліметінде 2025 жылдың 8 мамырына ауған түн жарымынан кейін, Ресей әскері Сумы облысына тактикалық авиация бомбасын тастап, белсенді қимылға кіріскені айтылған.
Ресей президенті Владимир Путин жариялаған үш күндік оқ атпау режимі 8 мамырда түнгі сағат 00:00-де күшіне енуге тиіс еді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Путин 8-11 мамырда атысты тоқтату режимін жарияладыУкраинаның төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік қызметі бейсенбі күні таңертең Сумы облысында Ресей армиясы Белополье ауданындағы тұрғын үйлер орналасқан аумаққа шабуыл жасағанын хабарлады. Бір тұрғын үй толық қирап, тағы үшеуіне зақым келген, жеті шаруашылық құрылысы бүлінген. Шабуылға ұшыраған аумақты зерттеу барысында құтқарушылар қиранды басып қалған бір әйелді алып шығып, медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.
Мемлекеттік төтенше жағдай қызметінің дерегінше, Сумы ауданында түнгі атыстан кейін үш тұрғын үйде өрт шыққан. Құтқарушылар оқиға орнында таңға дейін жұмыс істеген. Бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Кейінірек аймақ прокуратурасы болған оқиғаны нақтылап, 8 мамырда түнгі сағат үштің шамасында Сумы ауданына басқарылатын авиациялық бомба түсті деп хабарлады. Салдарынан 55 жастағы әйел өз үйінде қаза тауып, оның 24 жастағы ұлы жараланған.
Ресей әскери билігі Сумы облысына шабуыл жасау жалғасып жатыр деген ақпаратқа байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Харьков облыстық прокуратурасы хабарлағандай, бейсенбі күні таңертеңгі сағат 7.00 шамасында Ресей әскери күштері FPV-дронмен Харьков ауданына қарасты Большие Проходы ауылы маңында жолда кетіп бара жатқан Renault Sandero көлігіне шабуыл жасаған. Салдарынан 18, 30 және 58 жастағы үш әйел жараланған. Олар ауруханаға жеткізілген деп хабарлады прокуратура.
Your browser doesn’t support HTML5
Киевпен келісе алмаған Путин, "жорығы жалғасатын" Украина