Қазақстанның сыртқы істер министрлігі екі күннен бері бір-бірін ара-тұра атқылап жатқан Үндістан мен Пәкістандағы жағдай мен ол елдердегі қазақстандықтар жөнінде пікір білдірді. СІМ дәл қазір қазақстандықтарды эвакуациялау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ деп мәлімдеді.
"Қазіргі кезде ондай қажеттілік жоқ. Соғыс жоқ, ауқымды әскери іс-қимыл жүріп жатқан жоқ. Әуе кеңістігі ашық. Яғни, бұл – Air Astana (қазақстандық әуекомпания – ред.) компаниясының мәселесі, олар жағдайды өздері бағалайды. Біздің азаматтарымызға шынайы қауіп төніп тұрғаны анық болған жағдайда ғана эвакуация мәселесі көтеріледі. Әзірге ондай жағдай жоқ", — деді Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин 8 мамыр күні парламент сенатындағы брифинг барысында.
СІМ шенеунігі Қазақстан азаматтарының саны Үндістанға қарағанда Пәкістанда көбірек екенін айтты. Қалай болғанда да, қазақстандықтар Үндістандағы Қазақстан елшілігімен байланыста отыр деді ол.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ AirAstana әуекомпаниясы Дели мен Мумбайға әуе рейсін уақытша тоқтаттыҚазақстандық Air Astana әуекомпаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты, 8 мамырдан бастап Алматы – Дели – Алматы және Алматы – Мумбай – Алматы бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатқанын хабарлаған.
6 мамырдың кешінен бастап Үндістан мен Пәкістан ауық-ауық бір-бірін артиллериядан атқылап отыр, салдарынан ондаған адам қаза тапқаны белгілі болды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Үндістан Пәкістанға шабуылдады. Жағдайдың анық-қанығы