Алматыда "Мәңгілік полк" форматындағы шеру қалай болды?
9 мамырда Алматыда "Батырларға тағзым" шеруі өтті. Бұл - Ресейдегі "Мәңгілік полк" форматындағы шара. Шеруге Алматы әкімдігі рұқсат берген. Акцияда мыңдаған адам соғыста қаза болған жақындарының фотоларын алып жүрді.

"Батырларға тағзым" щеруінің басында құрмет қарауылының ротасы, әскери үрмелі оркестр мен мемлекеттік ту ұстаған жастар жүрді. Соғысқа қатысқан жақындарының суретін алып жүрген шерушілер "Ура!" деп ұрандатты. Акцияны "Ауғанстан ардагерлер одағы" бірлестігі ұйымдастырған. Ал шараға Алматы әкімдігі рұқсат берген.

Алматы әкімдігінің дерегінше, акцияға 30 мыңнан астам адам қатысқан. Әкімдік 10 мың дана ту мен 20 мың көк лента таратқан.

Қазақстан "Мәңгілік полк" шерудің атауын "Батырларға тағзым" деп өзгеріп, георгиев лентасының орнына Қазақстан туымен түстес әрі ою-өрнек бейнеленген лента қолдана бастады.
"Мәңгілік полк" - 2012 жылы Ресейде пайда болған қозғалыс.

Алматыда қойылған әскери танкінің маңайында ойнап жүрген балалар.

Шеру 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағына жетіп, мәңгілік алауға гүл қоюмен бітті.

Қазақстанда "Батырларға тағзым" 2022 жылы өткен еді. Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысы басталған соң Қазақстанда "Мәңгілік полк" шарасына деген көзқарас өзгерді. Қазақстандықтардың көбі бұл маршты Ресейдің жеңіс культін агрессиялық саясатымен ұштастырып пайдаланады деп қабылдай бастады. Елде шараға қарсылық туындаған тұста Қазақстан бұл маршты өткізуге рұқсат бермей келген.

Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекеге келген жұрт 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында жүр.
ПІКІРЛЕР